Қазақстанға инвесторлардан 200-ге тарта арыз түскен

Malim Админ

  • 18.02.2025

2024 жылы Әкімшілік сотқа инвесторлардан 200-дей талап арыз түсті. Бұл туралы Сенатта инвесторлардың заңды мүдделерін қорғау тақырыбын талқылау кезінде сенатор Нұрлан Бекназаров мәлім етті.


Елімізде инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілген. Инвесторлар өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қазақстан соттарына, сондай-ақ халықаралық төрелік соттарға жүгінуге құқылы. Олар үшін салық жеңілдіктері, инвестициялық субсидиялар мен кепілдіктер секілді мемлекеттік қолдаудың бірнеше түрі қарастырылған.
Елімізде инвесторлардың құқықтарын қорғау инвестициялық қызметтің дамуы үшін тұрақты және қолайлы жағдайлар жасауға, тең құқықтарды қамтамасыз ету мен экономикалық өсуін ынталандыруға бағытталған. Дегенмен бұл салада белгілі бір проблемалар да жоқ емес. Айта кететін болсақ, Жоғарғы Соты Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының мәліметі бойынша 2024 жылы Әкімшілік сотқа инвесторлардан 200-дей талап арыз келіп түсті. Олардың көп бөлігі салық мәселесі бойынша Қаржы министрлігі мен жер қойнауын игеру мәселесі бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қатысты болып отыр, - деді Н. Бекназаров.

Оның айтуынша, инвесторлар басқа мемлекеттік органдар тарапынан қолдау таппай, мәселелері шешілмегендіктен, сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Іс жүзінде мұндай істер жиі кездеседі, бірақ олар сотқа жетпейді. Министрліктер оларды сотқа дейін шешуге тырысады. Жоғарғы Сотта инвесторлардың пайдасына істердің 80 пайызы шешіледі.

Депутаттың пайымынша, шетелдік инвесторлардың құқықтарын сақтау Қазақстанның сенімді әріптес ретіндегі оң халықаралық имиджін қалыптастыру үшін маңызды фактор саналады. Біріншіден, заңнаманың тұрақтылығы, әсіресе салық салу және инвестицияларды реттеу бөлігінде қамтамасыз етілуі қажет. Бұл ретте, заңнама анық және түсінікті болуға тиіс.
Заңнамалық актілерде екі түрлі түсіністік пен қайшылықтарға жол бермеу, сондай-ақ олардың жергілікті жерлерде дұрыс іске асырылуын қамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және олардың жауапкершілігін күшейту мәселесі назардан тыс қалмайды. Инфрақұрылымды дамыту мәселесі маңызды мәселе болып қала береді. Жалпы алғанда, Қазақстанда инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жақсарту заңнаманы жетілдіруді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті, қолайлы инвестициялық ахуал құруды және дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамытуды қамтитын кешенді шараларды талап етеді. Шетелдік капиталды табысты тарту үшін инвесторларды қолдау мен қорғаудың тиімді жүйесін құру қажет екенін атап өткен жөн, - деді сенатор.

Фото: Kazinform

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды