Қостанайда алтынды заңсыз өндірген компанияға 2,6 млн теңге айыппұл салынды

Топырақты жуу әдісі арқылы заңсыз бағалы металдар өндірумен айналысқан

Malim Админ

  • 09.02.2025

АШМ ЖРБК Қостанай облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жітіқара ауданының прокуратурасымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп жайылымдық жер учаскесінде заңсыз алтын өндіру фактісінің жолын кесті,- деп хабарлайды Malim.kz.  

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тексеру барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған жер учаскесін иеленгені анықталды. Алайда жер иесі оны мақсаты бойынша пайдаланудың орнына, топырақты жуу әдісі арқылы заңсыз бағалы металдар өндірумен айналысқан.

Аумақты тексеру кезінде арнайы техника, металл іздегіштер және пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге арналған басқа да құралдар табылды.

Сонымен қатар, құнарлы топырақ қабатының жойылғаны тіркелді. Осыған байланысты департамент тарапынан ЖШС-ға 2,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттер нәтижесінде бұзылған құнарлы топырақ қабатын қалпына келтіру міндеттелді.

Фото: pexels.com 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды