Қостанайда екі депутат қамауға алынды

Депутаттардың бірі департамент өкілдеріне істі тоқтату үшін 2 млн теңге пара ұсынған

Malim Админ

  • 27.02.2025

Қостанайда Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының депутаттарына қатысты сыбайлас жемқорлықпен байланысты іс қаралды. Бұл жөнінде қалалық сот хабарлады. 


 Сот 2024 жылдың тамызы мен қазаны аралығында жүргізілген мемлекеттік аудиттің жергілікті ЖШС-ның бірінен мемлекеттік сатып алу кезінде мөлшері 38,77 млн теңгені құрайтын заңбұзушылықтар анықтағанын көрсетті. Депутаттардың бірі департамент өкілдеріне істі тоқтату үшін 2 млн теңге пара ұсынған. Екінші депутат ақшаны беру кезінде ұсталды.

Прокурор оларды 2 жыл 7 ай және 1,5 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметке өмір бойы келе алмайтын етуді сұрады. Айыпкерлер өздерінің кінәсін мойындап, іс қысқартылған тәртіпте қаралды.

Сот олардың бірін 1 жыл 6 айға, екіншісін 2 жыл 7 айға соттады. Екеуі де мемлекеттік қызметке өмір бойы келе алмайды.

Олар сот залында қамауға алынды. Үкім күшіне енген жоқ.

Фото: yandex.ua


 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды