Құрылыс компаниясы 100-ден астам адамның 972 млн теңгесін алып кеткен

Тергеу аяқталды

Malim Админ

  • 29.04.2025

Алматы облысы Қаскелең қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы кезінде аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Тергеу кезінде «Tоредо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары 2021-2023 жылдары құрылысқа рұқсатсыз – яғни лицензиясыз, қажетті құжаттарсыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз – жұмыс істегені белгілі болды. Соған қарамастан, олар «НOME», «НOME Южный», «НOME SAU», «НOME МAK» тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалаған. Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының міндетті кепілдігі болмағанына қарамастан, олар жарнама арқылы 100-ден астам азаматтан 972 млн теңге жинаған, – делінген ҚМА хабарламасында.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Бұл жағдай үлескерлердің жаппай құқық қорғау органдарына жүгінуіне себеп болған.

Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар, – делінген ҚМА ақпаратында.

 Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген.  

Фото: inbusiness.kz  

Байланысты жаналықтар

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

02.05.2025

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025

Канададағы қайғылы оқиға: Мерт болғандар саны 11-ге жетті

28.04.2025

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

Балабақшадағы буллинг: Баланы "кішкентай Бишімбаев" деп атаған

17.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025
MalimBlocks
Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Канададағы қайғылы оқиға: Мерт болғандар саны 11-ге жетті

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

Балабақшадағы буллинг: Баланы "кішкентай Бишімбаев" деп атаған

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды