457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Хаменованың тойдағы бейнежазбасына қатысты түсініктеме берді

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың тойдағы бейнежазбасына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz  хабарлайды.


Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақытгүл Хаменова №2 Атырау сотының заңды күші бар үкімі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Кішкентай баласының болуы ескеріліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөліміне сәйкес, сот жазаны өтеуді үш жылға кейінге қалдырған, бірақ баласы 14 жасқа толғаннан кейін ұзартылмайды.

"Кейінге қалдыру кезеңінде сотталған адам пробация қызметінің бақылауында болады және заңда белгіленген шектеулерді орындауға міндетті, оның ішінде:
•    Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салу;
•    Пробация қызметінде әр тоқсанда кемінде бір рет тіркелу;
•    Әкімдік өкілдерінің қатысуымен баланың тұрмыс жағдайын тексеру;
•    Тұрғылықты жерін өзгерткенде немесе басқа өңірге шыққанда пробация қызметін хабардар ету;
•    Пробация қызметіне шақырту бойынша келу.

"Алайда сот мәдени және қоғамдық шараларға қатысуға тыйым салу шектеулерін белгілеген жоқ", - делінген ҚАЖК хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, талаптардың орындалуын бақылау заңнамаға сәйкес жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде Бақытгүл Хаменованың тойға қатысқан бейнежазбасы тараған болатын. 

Фото: azh.kz