457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қызылордада әйелін балталаған адамға қатысты үкім шықты

Қызылорда облысы Шиелі ауданының Бала би ауылындағы жауыздық әрекет бойынша сот үкімі шықты. 44 жастағы ер адам әйелінің беті-қолын балталап тастағаны үшін қамауға алынған болатын.


Қылмыстық істер жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық сот Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігінде, 99-бабы 2-бөлігінің 3, 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасаған деп айып тағылған сотталушының ісін қарады.

Сотталушы өзінің отбасымен бірге тұратын тұрғылықты мекен-жайында 19.04.2025 жылы таңғы сағат 4-ке таман оянып, некедегі жұбайы ұйықтап жатқанда ас бөлмесінде тұрған ағаш балтаны алып келіп, жәбірленушінің оң жақ бет тұсынан, оң жақ иегі, оң жақ иығы, оң қол білегі, білезік буыны, алақан үсті, сол қол білегі тұсынан бірнеше мәрте аса қатыгездікпен тоқтаусыз соққы жасаған. Сол кезде қызы бөлмеге кіріп қалып, қылмысын ақырына дейін жеткізе алмай, балтасын тастап, сыртқа шығып кеткен. Сотталушының адам өлтіруге оқталған қылмыстық әрекетінен жәбірленуші ауыр дене жарақаттарын алған, - делінген сот хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленуші және оның өкілдері сотталушыға қатысты заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады. Алайда мемлекеттік айыптаушы сұраған жаза тым көп болғандықтан оған 10 жылдан аспайтын жаза беруді сұрады. Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігіне, 99- бабының 2-бөлігінің 3, 5-тармақтарына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген ресми хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біз бұған дейін бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің адам өлтіруге оқталу бабымен қылмыстық іс қозғалғанын, полиция күдіктіні ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамағанын жазғанбыз.

Тергеу амалдары жалғасып жатқандықтан басқа ақпарат жарияланбайды.

Фото: pixabay.com