Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 163 дерегі анықталды

Malim Админ

  • 21.02.2025

Қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында құқық бұзудың 163 дерегін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеп, Malim.kz хабарлайды.   

1-28 ақпан күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Іс-шараның басты мақсаты - табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Жүргізілген рейдтер барысында полицейлер 20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың 163 дерегін анықтады. Оның ішінде 6 қылмыстық іс және 157 әкімшілік құқық бұзушылық бар. Сондай-ақ жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) 136 дерегі анықталды.

Заңсыз балық аулаудың (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) -12 , тіркелмеген қаруды сақтаудың (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы) - 5 дерегі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Мысалы Қазалы ауданында Қызылорда облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының рота қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Volkswagen автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында автокөліктен 14 қапқа салынған киік еті анықталды, айғақ зат ретінде тәркіленді. Тергеу әрекеттері басталды. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктіге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция шығарды.

Фото: Polisia.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды