Қызылордада оқушыны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Қызылорда облысында 9-сынып оқушысын өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Ол өлімге алып келген ауыр жарақат салды деп айыпталды,-деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл оқиғаны Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, түсініктеме берді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аталған қылмысқа қатысы бар тағы екі адамға қатысты бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оларға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, - деп жазылған хабарламада.
Фото: pixabay.com

Самое читаемое
