Шерзат Болаттың әпкесі Реимованың ұлы президентке үндеу жасады

Malim Админ

  • 20.12.2024

Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жақында 15 тәулікке қамалды. Оның қарындасы Бақыт Реимованы да «митингке үндеді» деген айыппен 15 тәулікке жапты. Сонымен қатар Реимованы сот Қазақстаннан аластау жөнінде шешім шығарған. Бүгін Бақыт Реимованың ұлы Мейірбек президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жолдады.

«Құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен Бақыт Реимованың баласымын. Сот менің анамды 15 тәулікке қамап, Қазақстаннан депортациялау жөнінде үкім шығарған болатын. Ол кісі менің жалғыз асыраушым. Өзім кәмілет жасқа толмағанмын. Мектепте 11-сыныпта оқимын. Анамнан басқа ешкімім жоқ. Сондықтан анамнан айырмауларыңызды өтінемін. Анамның Қазақстаннан басқа баратын жері жоқ. Екеуіміз де қазақпыз.  Елім үшін қызмет еткім келеді. Егер сот анамды ел аумағынан шығарар болса, бір-бірімізді бес жылға дейін көре алмайды. Бұл үкімді өз бақылауыңызға алуды сұраймын», - дейді Мейірбек.

Айта кетейік, бұған дейін адвокат Мейірман Шекеев Шерзат Болаттың әпкесін Қазақстаннан депортациялауға жол бермеуге тырысып жатқандарын айтқан еді.

Фото: видеодан скрин 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды