Шұбаркөл көмірін сыйақы бергендерге ғана сатып отырған биржа тоқтатылды

Оның басшылығы биржалық сауданың негізгі қағидаларын бұзған

Мәди Саматұлы

  • 30.01.2025

ҚМА «Modern Trading Solutions» тауарлық биржасының Шұбаркөл кен орнынан көмірді тек заңсыз материалдық сыйақы төлеген тұлғаларға сатқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Көмірді қолданыстағы заңнамаға сәйкес, саудагер сауда биржалары арқылы бәсекелестікті дамытуға, делдалдарсыз, оның әділ бағасын қалыптастыруға ықпал жасауға тиіс болатын.

Сонымен қатар, агенттік мәліметінше, «Modern Trading Solutions» тауар биржасының басшылығы 23 брокерлік компанияны туыстары мен сенімді тұлғаларының атына тіркеп, өздерінің жұмысын көмір саудасына тек ұдайы ақшалай сыйақы беретін адамдарды жіберетіндей етіп ұйымдастырған.

Кері жағдайда, аккредитация мерзімін созып, келісімшартқа қол қоймау, саудаға қолжетімділігін шектеу және олардың нәтижелерін жою арқылы кәсіпкерлерге саудаға қатысуына жол бермеген. 

Аталмыш жағдай әсіресе жылыту маусымы алдында көптеген арыз-шағымдар мен әлеуметтік шиеленіске әкеліп соқтырған.

Қылмыстық топтың жыл сайынғы кірісі 2 млрд теңгеден асқан, оны өздеріне қарасты компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Сауда биржасының 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ал тағы біреуіне осындай шарамен қатар іздеу жарияланды.

Фото: ҚМА

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында үш вагон рельстен шығып кетті

03.11.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Тағы да қымбатшылық. Газ, көмір мен  электрдің құны өседі  

10.06.2022
MalimBlocks
Қарағанды облысында үш вагон рельстен шығып кетті

Оқиға пойыздар қозғалысына әсер етпеген

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Тағы да қымбатшылық. Газ, көмір мен  электрдің құны өседі  

Газдың шекті бағасы 1 тоннасы үшін 33 600 теңге болады