Тағы да қымбатшылық. Газ, көмір мен  электрдің құны өседі  

Газдың шекті бағасы 1 тоннасы үшін 33 600 теңге болады

Malim Админ

  • 10.06.2022

Ақшолақовтың министрлігі шілдеден бастап сұйытылған газ бағасын қымбаттатады. Энергетика министрлігі келесі жылға дейінгі шекті бағаны бекітті. 

Қазір сұйытылған газ бағасының шекті мөлшері – 28 000 теңге. Бұйрықта  ішкі нарықтағы сұйытылған газдың шекті бағасы келесі жылдың 30 маусымына дейін 1 тоннасы үшін 33 600 теңге мөлшерiнде болатыны жазылған. Бұл – тауар биржаларынан тыс өткізілетін және құн салығын есепке алмағандағы газдың шекті бағасы.   

Министрлік электр энергиясы мен көмір құнының да өсуі мүмкін екенін айтты. Себебі, электр энергиясын өндіруші 26 ұйым шекті тарифті өзгерту бойынша өтінім берген. Осыған байланысты 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап бағаның өсуі болжанып отыр.

Бұл аз десеңіз, жыл соңына дейін Богатырь-Көмір разрезіндегі көмір бағасы 30%-ға өсуі мүмін. Айта кету керек, 6 қаңтарда Үкімет газдың шекті бағасына қатысты 180 күндік мораторий жариялаған еді.    

Байланысты жаналықтар

Ұлттық қорға ақша құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

19.05.2025

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025
MalimBlocks
Ұлттық қорға ақша құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

18 мамырға арналған валюта бағамы

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады