457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлағандардың ісі жабылып қалды

Түркістандық ерлі-зайыпты осыдан екі жыл бұрын әлдекімдердің 16 жастағы қызын алып қашып, зорлағанын айтты. Алайда мұны дәлелдей алмай әлек. Күдіктілергі қатысты қылмыстық іс те жабылып қалған. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.


Атын атаудан бас тартқан ерлі-зайыпты сұмдық жағдайдың 2023 жылы болғанын айтады.

“16 жастағы қыз әлеуметтік желіде жігітпен танысып, кейін ол үйінің алдына келіпті. Қыз көлікте отырып сөйлесуге келіседі. Бірақ машинаға мінген бетте телефонын жұлып, алып қашқан. Содан оны жалдамалы пәтерде зорлаған. Маған “Қызыңызды әкеткенде не қыласыз, ешкім алмайды. Отырып қалады” деген әңгімелерді жарты сағат бойы айтты. “Соттатқанда не қыласыз? 20 жыл беріп, кострация істетсе мына бала обал болмай ма?” деді. Неге балаға жандарыңыз ашып қалды? Сіздердің қыздарыңызға осылай істесе не істер едіңіздер дегенде үндемей қалды. Тағы солай айта бастағанда тергеушісіңдер ме, қорғаушысыңыдар ма дедім”, – дейді қыздың әкесі. 

Соңында тергеушілер қыздың қалғысы келіп отырғанын айтып, ал қызға әкесі қалуын сұрады деп күдікті жігіттің үйіне барған. Алайда 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны екі ай бойы студенттің шәкіртақысын алып, өзін соққыға жыққан. Сондай-ақ жәбірленуші тарап күдіктілердің тергеушілерге 3,5 миллион теңге ауызбастырық бергенін айтады.

“Сен деп Әсетке 500 мың теңге бердік. Сен деп Арман үшеуіне 3 миллион теңге бердік. Сен деп үш жарым млн теңге кетті” деп күніге қызымды түрткілей берген ғой. деген. Қыз “қайда барамын баратын жерім жоқ” дегенде “онда тауға шығып асылып өл” деген”, – дейді қыздың ата-анасы.

Бойжеткен өзіне қол салмақ болғанда колледждегі ұстаздары аман алып қалған. Содан бері жәбірленуші тарап полиция мен прокуратураның табалдырығын тоздырып келеді. 

“Астанада бас прокуратураға қабылдауға кірдік. Жағдайды түсіндіріп айттық. Ол жақтың адамдары басқаша екен. Оңтүстіктегідей емес. Сөйтіп 120-баппен зорлау бойынша іс қозғап, Түркістанға жіберді. Тергеуде Түркістанда Салтанат деген қыз алды. Аяғына жеткізбей шымкенттегілер келіп істі алып жауып тастады”, – дейді жәбірленуші тарап.

Олар полиция, сот пен прокуратураға үш рет арызданған. Алайда бәрі бекер болып шықты. Қылмыстық іс тоқтатылды.

“Тергеу барысында тараптар мен куәгерлерден жауап алынды, беттестіру жүргізілді, оқиға орнындағы бейнежазбалар зерттелді. Алынған деректер қылмыс жасалғанын растамады. Жиналған материалдарды ескере отырып, қылмыстық іс заң талаптарына сәйкес тоқтатылды. Қабылданған процессуалды шешім прокуратура органдарымен келісілді”, – деп мәлімдеді Шымкент қаласының полция департаменті.  

Фото: depositphotos.com