457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркия азаматтарына Қазақстанда визасыз болу мерзімі ұзартылды

Қазақстан Үкіметі қабылдаған жаңа қаулыға сәйкес, енді Түркия азаматтары елімізде визасыз 90 күнге дейін бола алады. Бұл өзгерістерді ҚР Ішкі істер министрлігі бекітті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұрын түрік азаматтары Қазақстанда тек 30 күнге дейін визасыз тұруға құқылы болса, енді олар 180 күндік кезең ішінде жалпы есеппен 90 күнге дейін қала алады. Дегенмен бір келу кезінде визасыз болу мерзімі бұрынғыдай 30 күннен аспауы тиіс.

Ресми құжатта аталған өзгерістердің басты мақсаты – Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайту, инвестициялық және туристік белсенділікті арттыру, сондай-ақ экономикалық дипломатияны дамыту екені атап өтілген.