Түрмелерде «соқыр» аймақ қалмады – омбудсмен Артур Ластаев

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бүкіл жердің камерамен жабдықталғанын айтады

Мәди Саматұлы

  • 02.11.2024

Барлық дерлік түзету мекемелерінде «соқыр» аймақтарды бейнебақылау камераларымен жабдықтау деңгейі 100%-ға жақындады. Бұл туралы Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, ол және оның өкілдері түзету мекемелеріне үнемі барып, сотталғандардың құқықтарының сақталуын және олардың ұстау жағдайларын тексеріп отырады. Тексеру барысында ең алдымен бейнебақылау камераларының орнатылуы басты назарға алынады.

«Соқыр» аймақтардың барынша камералармен жабдықталғанына назар аударылады. Бұл жүйенің қалай жұмыс істейтіні, бейнежазбалардың прокуратураға және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне тікелей жеткізілуі, сондай-ақ, қылмыс жасаған адамдардың (азаптау әрекеттері) қылмыстық жауапкершіліктен жалтармауын қамтамасыз ету мүмкіндіктері тексеріледі, деді ол.

Сондай-ақ, омбудсмен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әдетте, заңгер мамандар болып келетінін, сондықтан олар заңның орындалуын қатаң бақылап отыратынын қосты.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

БҚО-да сотталған адамды түрмеде жалаңаш жұмыс істеткен

20.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

03.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025

«Тағдырым қай жерден ұрмақ»: Алмас Кішкенбаев көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды

24.04.2025

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

12.04.2025
MalimBlocks
БҚО-да сотталған адамды түрмеде жалаңаш жұмыс істеткен

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

«Тағдырым қай жерден ұрмақ»: Алмас Кішкенбаев көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды

Ән «Қымбат» деп аталады.

Адам ағзасын заңсыз сатып алды айыпталған дәрігер түрмеде адам өмірін сақтап қалды

Трансплантациямен заңсыз айналысты деп айыпталған қазақстандық хирург түрмеде адам өмірін сақтап қалған