457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жамбыл облысында полиция бөлімі басшысының орынбасары ұсталды

Прокуратура Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігі бойынша ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдік бойынша тергеуді бастады,- деп хабарлайды Malim.kz. 

Қылмысты жасыру аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру), - делінген Жамбыл облысының прокуратурасы мәлімдемесінде.

Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарына сәйкес ұсталып, оған қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Фото: Polisia.kz