Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгіленеді

Malim Админ

  • 10.05.2025

Парламент жеке сот орындаушыларды аккредитациядан өтуге міндеттейтін заң жобасын қарап жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауабында айтқан, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Әділет министрлігі Парламент депутаттарымен бірге атқарушылық іс жүргізу механизмдерін жетілдіруге, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілігін күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірледі. Атап айтқанда, ұсынылып отырған заңнамалық өзгерістер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алуға қойылатын талаптарды қатаңдатуды, оқудан (біліктілігін арттырудан) өту мерзімдерінің кезеңділігін (3 жылдан 2 жылға дейін) қысқартуды, жұмыс істеп жүрген жеке сот орындаушыларын міндетті аттестаттауды енгізуді, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгілеуді, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын (6 айға дейін) алып тастауды жоққа шығаруды, әкімшілік шараларды қолдануды, сот орындаушысының іс-әрекетінің ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді, — деп жазады Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, Премьер-министр жеке сот орындаушылардың заң бұзу фактілері бар екенін мойындаған. 

Осыған байланысты Әділет министрлігі Бас прокуратурасының ұсынуы бойынша жеке сот орындаушыларына қатысты шаралар қабылдады (кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды және лицензиялардан айрылды). Көрсетілген шаралармен қатар заңдылықты сақтау мен уақтылы шаралар қабылдау тұрғысынан жеке сот орындаушыларының қызметіне үнемі қашықтан мониторинг жүргізіледі, - деп жазылған жауапта.

Фото: pixabay.com


 

Байланысты жаналықтар

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025

Араб жазуы бар Қазақстан туын жарнамалағандар қалай жазаланады?

02.05.2025

Келес өзеніне кәріз суы құйылған

29.04.2025

Жер заңын бұзғандарға 500 млн теңге айыппұл салынды

24.04.2025
MalimBlocks
Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс

Араб жазуы бар Қазақстан туын жарнамалағандар қалай жазаланады?

Келес өзеніне кәріз суы құйылған

Аудандағы лас су құйылатын тоған арнасы бұзылған

Жер заңын бұзғандарға 500 млн теңге айыппұл салынды