Жоғалған жүз жылқы. Ұрлықтың ақ-қарасы ашылмай отыр

Бірнеше ай өтсе де тергеу амалдарына көңілімізден толмайды деп ашынады Т.Толқынқызы

Malim Админ

  • 14.08.2024

Журналист, ақын Танакөз Толқынқызы әкесінің ұрланған жүз жылқысын таппай шарқ ұрып жүр. Ол бұған дейін әлеуметтік желіге жариялаған жазбаларында аталған іске Берікбол Кәрібаев деген азаматтың қатысты  екенін жеткізген.

«100 жылқыны асай салған Берікбол Кәрібаев аса ірі көлемдегі мал санын жоқ қыларда кімге сенді, кімге арқа сүйеді?-деген сұрақ туады, - дейді ол. Қамбар ата түліктерінің жоғалғанына бірнеше ай өтсе де тергеу амалдарына көңілімізден толмайды деп ашынады Т.Толқынқызы.

Жәбірленуші Толқын Әбжанұлы Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылының тұрғыны. Ол 3 жыл бұрын 100 жылқысын ауылдасы Берікбол Кәрібаевқа сеніп тапсырғанын  айтады. Жылқыны баққаны үшін Кәрібаевқа ай сайын ақшасын да уақтылы төлеп тұрыпты.  «Алайда, түрлі сылтаумен қылқұйрықтыларымды жоқ қылды» дейді түліктердің иесі.

«Наурыз айына дейін ақшасын толық алды. Сол айда  жылқылар келді. Бірақ, менің жылқымнан 74 бас кем шықты. Қайда десем, қырылып қалды дейді. Сұрасам көрсетпейді»,- деп күйінеді Толқын Әбжанұлы. Жылқыларды өз беттерінше іздеген мал иелері олардың он шақтысын ауыл тұрғындарының қорасынан көріпті.  

Осыдан кейін Т.Әбжанұлы арыз жазып, іс сотқа жіберілген. Тергеудің жай-жапсарын «Еуразия» телеарнасына пікір берген Жаңарқа ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Абай Күштібаев айтты. Айтуынша, «қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жалғасуда. Жәбірленуші Ілиясовтің жауабында көрсетілген уәждері тергеу амалдарын жүргізу арқылы тексеріліп, нәтижелеріне құқықтық баға беріледі». 

Ал жылқышының әйелі «Оның ешқандай кінәсі жоқ. 15 жыл бойы жылқы шаруашылығымен айналысып келеді. Мен мұндай бір ұрлығын да көрген жоқпын. Өзіміз де бала-шаға асырап отырмыз. Біреудің аманатына қиянат жасаған адам емес», -деп отыр. Ал жәбірленуші Әбжанұлы "осы іс бойынша тергеу амалдары тым баяу жүргізіліп жатыр"  дейді. 

«Берікбол Кәрібаевтың артында кім тұр? 100 жылқыны ол біреумен бөлісті ме? Біреуге қылмысын жасырып-жаптыру үшін «ауызбастырық» берді ме? Жоқ енді бере ме? Осының бәрін анықтау, қоғамға нақты және объективті ақпарат беру сіздердің еншілеріңізде, құрметті журналистер мен БАҚ өкілдері», - деп Танакөз Толқынқызы осы істің ақ-қарасын ашып алу үшін БАҚ өкілдерінен көмек сұрады.

Фото: pixabay.com    

Байланысты жаналықтар

Қарағандыда Шахтерлерді марапаттау рәсімі өтті

26.08.2024

Қарағанды облысында бірнеше үй қызыл жалынға оранды

19.08.2024

Шет ауданының тұрғындары: «Өтемақы мен үйді тез алдық»

13.04.2024
MalimBlocks
Қарағандыда Шахтерлерді марапаттау рәсімі өтті

Марапаттарды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тапсырды

Қарағанды облысында бірнеше үй қызыл жалынға оранды

Молодежный кентінде бір қабатты екі пәтерлі жеке тұрғын үй қызыл жалынға оранды

Шет ауданының тұрғындары: «Өтемақы мен үйді тез алдық»

Алдағы күндері тағы бір отбасына жаңа үй салына бастайды.