Жұмыс беруші еңбек шартын жасаспай, алдап кетсе не істеу керек?

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтады.

Malim Админ

  • 10.10.2024

Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елде 1 млн астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр. Соның бір мысалы, Никита Плетнев – Ақмола облысы, Талапкер ауылында газ құбырын жүргізуге жұмысқа алынады. Ол өз жұмысын тиянақты атқарса да, жұмыс беруші онымен еңбек шартын жасаспайды және соны желеу етіп еңбек ақысын толық көлемде төлемейді.

Экономикадағы мұндай «көлеңкелі» құбылыстармен мемлекет барынша күресіп жатқанмен, ресми деректер еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүрген азаматтардың аз еместігін көрсетіп отыр. Олардың арасында жастар да, егде жастағы азаматтар да, ауыл еңбеккерлері мен қалалық кәсіпорындардың қызметкерлері, білімі жоқ азаматтармен қатар, дипломы бар қазақстандықтар да бар.  

Еңбек шартынсыз жұмыс істеудің салдары қандай? Бұл – демалыссыз жұмыс істеу, әлеуметтік төлемдерден қағылу, жарақат алған жағдайда кепілсіз қалу. Маңдай термен тапқан адал ақыны ала алмай, себепсіз жұмыстан қуылу деген сөз. Мұндай жұмыс беруші жұмыскермен қоса, мемлекеттен де айласын асырып отыр. Себебі, табысын жасырады.

Шарт жасасудан немесе оның бір данасын қызметкердің қолына беруден бас тартқан жұмыс беруші Еңбек кодексінің 33-бабын өрескел бұзып отыр. Демек, мұндай жағдай «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына жүгінуге себеп бола алады.

Қоғамдық қор барлық қазақстандықтан еңбек шартынсыз жұмысқа алу фактісі туралы хабарлауды сұрайды. Өзіңіз, досыңыз немесе туысыңыз келісімшартсыз жұмыс істесе, жұмыс беруші еңбек құқығын бұзса – біздің Қорға хабарлаңыз.

Сіздің көмегіңіздің арқасында Қор осы мәселеге барынша назар аударып, оны шешуге өз үлесін қоса алады.

Айта кетейік, «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорыбелсенді азаматтардың бастамасымен құрылды. Бүгінде Қазақстанның барлық аймағында өз өкілдігі мен 5000 астам жақтасы бар. Қордың жобалары мен бастамалары кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасын сақтау, мектептегі тамақ сапасын бақылау, жөнделген жолдың сапасын тексеру секілді маңызды мәселелерге арналған. Қор қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғауға қатысты тегін заңгерлік көмек көрсетеді. Ел тұрғындарының пікірін анықтау үшін Қор «Әлеуметтік мониторинг» жүргізеді. Кез келген қазақстандық Манифестке қол қойып, Қор жұмысына қосыла алады.

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды