Жұмысына жүрдім-бардым қараған 12 шенеунік жазаланды

Абай облысында 20 000 шақырымнан астам жол тексерілді

Malim Админ

  • 19.01.2025

Абай облысында жолдарды күтіп-ұстау талаптарын бұзған 12 лауазымды және 20 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қыс басталғалы бері тәртіп сақшылары өңір аумағында жолдарды тексеріп, анықталған бұзушылықтарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Барлығы 20 000 шақырымнан астам жол тексерілді. Жол жағдайына қатысты әртүрлі кемшіліктер анықталған. Соның нәтижесінде жолға жауаптыларға күтіп-ұстау және қауіпсіздік талаптарын бұзғандықтары жөнінде 132 нұсқама жіберілді, - делінген ақпаратта. 

Осылайша, 12 лауазымды және 20 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексерулерден соң шамамен 8 780 текше метр қар шығарылды. Бұл шаралар жол қозғалысының қатысушылары үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге және өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған, - делінген хабарламада. 

Фото: Абай облыстық полиция департаменті

 

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды