Журналистердің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртібі нақтыланды

Журналистердің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртібі жобасын Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялады

Malim Админ

  • 31.12.2024

— Бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және дайындау кезінде журналистің өзімен бірге журналист куәлігі болады, - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ бейбіт жиыннан хабар тарататын журналистердің арнайы айырым белгілерін тағып жүруі керектігі айтылған. Ол белгілер:

— Алдыңғы және артқы жағында «PRESS» деген жазуы бар ашық көк түсті кеудеше; 

— Қанық сары түсті, ортасында «PRESS» деген жазуы бар жеңдегі таңғыш;

— Ортасында «PRESS» деген жазуы бар көк түсті жапсырма.

Бейбіт жиын өтіп жатқан елді мекеннің әкімдігі журналист жіберетін сұрау негізінде журналистерді Жедел баспасөз орталығын ұйымдастырады. Бұқаралық ақпарат құралы бейбіт жиналыс өткізілетін күннен бір күн бұрын журналистердің санын көрсете отырып, еркін нысанда сұрау жібереді.

Жедел баспасөз орталығы лентамен қоршалып, электрмен жабдықталып, фото, бейнетүсірілім жасауға, сұхбат алуға жеткілікті жерден белгіленуі керек.

Дегенмен, журналистер арнайы лентамен қоршалған Жедел баспасөз орталығының сыртында да жұмыс істей алатыны айтылған.

Жергілікті әкімдіктер журналистерді Жедел баспасөз орталығына алып баруға, ұйымдастырушылармен және қатысушылармен сұхбат ұйымдастыруға, қауіпсіздік шараларын түсіндіруге міндеттеледі.

Фото: gov.kz 

 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды