457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Журналиске тілін шығарған судьяның әрекеті тексеріледі

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша төрағалық етуші судья Әбинұр Қарабаевтың журналист Ботагөз Омароваға тіл шығарған видеосы тексерілетін болды, деп хабарлайды ҚазТАГ.


Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына қастандық жасау ісін қарау барысында төрағалық етуші судья Әбинұр Қарабаевтың әрекеттері Судьялық әдеп кодексін бұзу дерегі бойынша тексеріледі. Заң талаптарына сәйкес, қызметтік тексеріс тағайындалады. Оның нәтижелері бойынша материалдар судьялық әдеп комиссиясының қарауына жіберіледі. Егер судьяның әдепке жат қылығы дәлелденсе, материалдар Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот алқасына жолданатын болады. Айта кету керек, қандай жағдай болмасын, судьялар кәсіби әдеп нормаларын қатаң сақтап, қоғамның сот жүйесіне деген жоғары сенімін сақтау міндетін орындауға тиіс, – деп хабарлады Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі сейсенбі күні.

Карабаевтың тіл шығарып, Ботагөз Омароваға гримаса көрсеткен сәті түсірілген видеоны журналист өз Telegram-арнасында бұрын жариялаған болатын.

Еске салайық, Берденовке қастандық 21 сәуір күні кешке жасалған. Әкім орынбасары оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, шенеунікке оқ атқан – Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты ЖШС қызметкері. Қастандық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Қастандықтың ықтимал себептерінің бірі ретінде әу баста әдепсіз қылықтар аталғанымен, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Айгерім Жұмакұлова бұл нұсқаны жоққа шығаруға асықты. 12 мамырда Руслан Берденовтің ауруханадан шығаруға дайындалып жатқаны хабарланған. 25 маусымда ҚазТАГ қылмыстық істің тергеуі аяқталғанын мәлімдеді.

26 маусымда ҚазТАГ Берденовтің Respublica партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кеткенін хабарлады.

22 шілдеде Берденовке қатысты қастандық жасау ісі сотқа жолданғаны белгілі болды.

28 шілдеде бұл іс бойынша сотта алдын ала тыңдаулар басталды.

6 тамызда сотта Жиенбай өзінің қастандық жасау себебі ретінде қызғанышты атады, бұл оның әрекетіне түрткі болғаны жайлы алғаш шыққан ақпаратты растайды. Сондай-ақ, айыпталушы сотта жәбірленуші — Руслан Берденов одан қала әкімі Ғабит Сыздықбековке жала жап дегенін мәлімдеді. Өз кезегінде Берденов Жиенбайдың бұл мәлімдемесін шантаж және қысым жасау әрекеті деп атады.

18 тамызда Берденов айыпталушыны істің ішінде өзінің әйелін араластырғаны үшін «еркекке тән емес қылық жасады» деп айыптады.

Айта кетейік, прокурор айыпталушыға 11 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Фото: t.me/aitpabotagoz