freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Курсантты ұрған». «Жас Ұлан» мектебіндегі оқтиғаға қатысты Абай облысы әкімдігі түсініктеме берді

Қоғам •
«Курсантты ұрған». «Жас Ұлан» мектебіндегі оқтиғаға қатысты Абай облысы әкімдігі түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде тараған курсантқа офицердің қол жұмсаған бейнежазбасына қатысты түсініктеме берілді. Абай облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, оқиға осыдан 2 жыл бұрын «Жас Ұлан» мектебінде болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімдігінің ақпаратына қарағанда, 2024 жылдың 9 қыркүйегінде әлеуметтік желілерді мониторинг жасау кезінде 2022 жылдың қараша айында түсірілген бейнежазба анықталған. Онда тәрбиеші-офицер тәрбиеленушіге физикалық күш қолданған.

Қызметтік тергеудің нәтижесінде осы оқиғаның екі жыл бұрын болғаны, сол кезде тәрбиеленуші 8-сыныпта оқығаны анықталған. Қазір ол 10-сынып оқушысы.

Тергеу барысында белгілі болғаны, өздігінен дайындық кезінде тәрбиеші-офицер тәрбиеленушіге үлгерімі туралы ескерту жасаған, содан кейін оның басына екі рет алақандарымен ұрған. Тәрбиеленушінің денсаулығына зиян келмеген және ол медициналық көмекке жүгінбеген. Тәрбиеленушінің ата-аналары тәрбиешіге ешқандай шағымдары жоқ, деп жазылған ресми хабарламада.

Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында тәрбиеші-офицер педагогикалық этика кеңесіне шақырылып, оған ескерту түрінде тәртіптік жазалау шарасы қолданылған.

@malimkz

Әлеуметтік желіде жариялаған видео авторы оқиғаның Абай облысындағы «Жас Ұлан» мектебінде болуы мүмкін екенін жазған #жасұлан #әскер #курсант #абайоблысы #семей

♬ оригинальный звук - Malimkz

Фото: видеодан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу