Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Лисаковскіде адам өлімімен аяқталған жанжал: сот үкім шығарды

Құқық
Лисаковскіде адам өлімімен аяқталған жанжал: сот үкім шығарды

Караокеде төбелес шығып, соңы адам өлімімен аяқталған іс бойынша сот үкімі шықты. 


Мекеменің кіреберісенде орналасқан бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлар желіде жарияланды. Онда ер адамдардың бірі күрес қимылын пайдаланып, екінші адамды айландыра жерге құлатқаны көрінеді, кейін оны ұра жөнеледі. Салдарынан жәбірленуші ауыр дене жарақатын алып, кейінірек жансақтау бөлімінде қаза тапты. Ер адам істеген ісіне өкінетінін айтты.

"Сот айыпталушыны, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қаупін, істің барлық жағдайларын ескере отырып, орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігінің санкциясы балама нұсқасыз және 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Мемлекеттік айыптаушы кінәлі адамға ең аз мерзімді тағайындауды сұрады, сот осы ұсыныспен келісті.

Еске салсақ, 12 қазанда Лисаковскіде караоке қонақтары арасында төбелес болып, оқиға 41 жастағы ер адамның өлімімен аяқталды. Мекеме фойесінде орнатылған бейнебақылау камераларының кадрлары желіде жарияланған еді.

Фото: видеодан скрин 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу