Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мадагаскарда циклоннан 915 адам зардап шекті

Әлем
Мадагаскарда циклоннан 915 адам зардап шекті

Мадагаскарда «Дикеледи» тропикалық циклоны қауіп төндіруде. Дауыл салдарынан кем дегенде 2 адам із-түзсіз жоғалып, 915 адам жараланды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. 


Табиғи апаттан зардап шеккен адамдар туралы алдын ала мәліметтерді orangeactu порталы Тәуекелдер және апаттарды басқару ұлттық бюросына сілтеме жасап жариялады. 

Мадагаскардың солтүстік және шығыс бөлігінде жылдамдығы 140 км/сағ болатын дауылды жел соғып, қатты нөсер жауды. Носи-Бе аралы мен Амбре мүйісі мен Бесалампи қаласы арасындағы елді мекендер зардап шекті. Воэмар және Мароанцетра қалаларынан 751 адам шұғыл түрде эвакуацияланды.

Фото: mignews.com  

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу