Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мадина Сәдуақасова анасын туған күнімен ерекше құттықтады

Шоу-бизнес
Мадина Сәдуақасова анасын туған күнімен ерекше құттықтады

3 қазан күні танымал әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші анасының да өнерге жақын адам екенін алға тартып, «Мама» әнінің маңызына тоқталып өтті.

Туған күніңмен, Мама! Негізі анамның өзі өнерге, әншілікке жақын, ақ жарқын мінезді, үнемі күлімдеп, жадырап жүреді, ортаны гүлдендіріп, жандырып жібереді. «Мама» деген әнде осы кісіге деген барлық сезімім, махаббатым тұр. Сондықтан болар «Мама» әні халықтың жүрегінен орын тапқаны.

Жүз жаса, Анашым! Ортамызда осылай құлпырып жүре бер! – деп жазды Сәдуақасова.

Оқырман қауым да әншінің анасына деген ізгі тілегін жеткізген.

«Анаңыз да сіз сияқты сұлу екен, ғұмырлы болсын!», «Жүз жасасын», «Жүзінен күлкі кетпесін», «Менің жақсы көретін әнім», - деп жазды көпшілік.

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу