457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

7 адам қаза тапқан «Жомарт» кеніші туралы не белгілі?

Шахтаның іске қосылғанына 19 жыл болған

Кеше 7 адам мерт болған «Жомарт» кеніші қай жылы құрылған, қанша адам жұмыс істейді, кімге тиесілі? Malim.kz осы сұрақтарға жауап іздеп көрді. 

«Жомарт» кеніші Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым қашықтықта орналасқан.  Кен орны  2006 жылы пайдалануға берілді. Бұл «Қазақмыс»-тың қаражатымен қысқа мерзімде іске қосылған кеніш.

Онда жылына 3 934 700  млн тонна мыс-сульфидті өндіріледі.  Шамамен, 49 000 мыс пен 36 000 килограмм күміс алынады деген сөз. Қазір  шахтада 987  адам жұмыс істейді.

Кен орны пайдалануға берілген 2006 жылдан бері 55 000 тоннадай шикізат кен өңдеу кәсіпорнына жөнелтілген. Мамандардың есебіне қарағанда, «Жомарттың» тек бірінші кезегінің өзі 27 жылға жобаланған. 

«Жомарт» кен орны «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігіне қарайды.   

Фото: Kazinform