9-сынып оқушысы 14 жастағы қатарласынан жүкті болып қалған

Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы құрдасынан жүкті болып қалды, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Байзақ ауданының Бурыл ауылында 14 жастағы оқушы қыздың жүктілігін алғаш анасы байқапты. Ол дереу қызын УДЗ-ге апарады. Сол жерде жүктілік расталған. Ал құрсақтағы сәбидің әкесі 14 жастағы жасөспірім болып шықты.
Мектепке жасөспірімдердің ата-аналары шақырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір қыз бен оның сүйіктісімен мектеп психологтары жұмыс жасап жатыр.
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша ҚР ҚК 122 — бабының 1-бөлігімен («он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер») сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Фото: "Айқын" сайты

Ең көп оқылған
