457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Серік Төленбергенов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Серік Төленбергенов 1974 жылы Семей облысында дүниеге келген.

Кәсіптік-техникалық училищесін, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америкалық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы жеке ұйымда бухгалтер болып бастаған.

1997-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Семей облысы және Өскемен қаласы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді.

2000 жылдан 2009 жылға дейін — жеке құрылымдарда.

2009-2010 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім басшысы.

2010-2011 жылдары — Риддер қаласы әкімінің орынбасары.

2011-2012 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

2013-2014 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары — басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2019-2020 жылдары — «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасының кеңесшісі.

2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді.

2022-2023 жылдары — коммуналдық кәсіпорын директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.

2023 жылы — Абай облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы.

2024 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі болды.

Фото: ҚР ТЖМ