457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылында суға құлаған 3 азаматтың да қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құтқарушылар Қаракөл өзенінен марқұмдардың денесін алып шыққан. Олар: 

  • Паль Василий Владимирович 18.09.1980 
  • Бобко Юрий Андреевич 15.09.1978
  • Каймолдинов Бөкейхан Кабирович 02.10.1967

Еске сала кетсек, 15 сәуірінде 15 -00 шамасында Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылдық округі, Ақшәулі ауылы, Қаракөл өзені, Көк-кәмір учаскесінде 3 жұмысшы аспалы көпірден өтіп жатқанда суға құлап кеткен.

Іздестіру шараларына 12 адамнан тұратын Жедел-құтқару жасағының (ЖҚЖ) жеке құрамы, 18 полиция қызметкерлері, 25 аудандық әкімшілік қызметкерлері, 110 волонтер тартылды.

Фото: pixabay.com