"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Сұлу Бөлек

  • 12.05.2025

Қарағанды облысында Шет ауданына қарасты Ақшатау ауылының әкімі Нұрлан Сейілбеков қамауға алынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

23 жастағы қыз өзін шенеунік зорлауға оқталды деп айыптады. Оның анасының үндеуін қарағандылық белсендісі Айнұр Балакешова парақшасында жариялады.

"3 мамырда, қызым Ақшатау ауылында болған кезде келінім қоңырау шалды. Ол Айтолқынды ауыл әкімі Нұрлан соққыға жыққанын айтты. Кейін белгілі болғандай, қызым бауырына хабарласып, көмек сұраған", – дейді жәбірленушінің анасы.

Қарағанды облыстық полиция департаменті ауыл әкіміне қатысты зорлауға оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Шет ауданының 23 жастағы тұрғынының арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Сол күні-ақ күдіктіні полиция ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сот санкциясымен оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қадағалаушы орган сот алқасына жеке апелляциялық өтініш білдірді. Қарау нәтижесінде өтініш қанағаттандырылып, күдікті қамауға алынатын болды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген хабарламада.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Нұрлан Сейілбеков қазір қызметінен босатылған. Алайда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында ол әлі де ауыл әкімі ретінде көрсетіліп тұр.

"Қылмыстық іс қозғалған сәтте ол ауыл әкімі қызметін атқармаған", – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

АНЫҚТАМА

Ашық дереккөздердегі мәліметтер бойынша, Нұрлан Сейілбеков 1978 жылғы 7 шілдеде Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында туған. 2018 жылғы мамырдан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Ақсу-Аюлыда Шет ауданының жер қатынастары бөлімін басқарған.

2023 жылғы 20 қыркүйектен бастап Қарағанды облысы Ақшатау ауылының әкімі қызметін атқарған.

Фото: istockphoto

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

28.04.2025

Қарағанды облысында полиция басшысы қаза болды

21.04.2025

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

17.04.2025

Қарағанды облысында оқушының басына үйдің шатыры құлады

05.04.2025

Киіктер қырылып жатыр: министрлік пікір білдірді

28.03.2025
MalimBlocks
Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

Қарағанды облысында полиция басшысы қаза болды

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

Өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткіш

Қарағанды облысында оқушының басына үйдің шатыры құлады

Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры 11 жастағы қыздың үстіне құлап, ол жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Киіктер қырылып жатыр: министрлік пікір білдірді

Желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы киік ұшалары бейнеленген жазба тарап жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді,