457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Қарабалық ауданының прокуратурасы Новотроицк ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтері 9,8 млн теңге бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Штат кестесі мен банк шоттарды салыстыру барысында 4 жыл ішінде өзіне артық соманы есептеген бухгалтердің төленген және нақты төлену керек жалақысы арасындағы айырмашылық анықталды.

Бұл дерек бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша, атап айтқанда ірі мөлшерде ұрлауды соталды тергеп- тексеруді бастады.

Баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қосымша жаза ретінде мүлікті тәркілеу, сондай-ақ, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен алты жылға дейін айналысу құқығынан айыру қарастырылған.  

Қазір қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Фото: freepik.com