Әкімдіктің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс жалғасып жатыр

Сұлу Бөлек

  • 31.03.2025

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары және кәсіпкер парақорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Сот актісімен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі орынбасарының және ТҮКШ бөлімі басшысының  жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 миллион теңге пара алғаны анықталды.

Бұлтартпас дәлелдер болса да, жауапқа тартылған үш адам өз кінәларын

мойындамай, жасаған істеріне өкінбеген.

Алайда мемлекеттік айыптау пара беру және алу деректерін даусыз дәлелдеген.

Петропавл қалалық соты прокуратураның ұстанымымен келісіп, кінәлілер 3 жыл 6 айдан бастап 7 жыл 6 айға дейін нақты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған, оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымда болуға тыйым салынған.

Сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде  өтейтін болады.

2025 жылғы 14 ақпанда соттың үкімі заңды күшіне енді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

05.05.2025
MalimBlocks
Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған