Алматы облысында үш адам құдыққа құлап қаза тапты

Қайғылы жағдайға ауылдағы су тапшылығы мәселесі себеп болған

Malim Админ

  • 17.09.2024

Алматы облысы Кеген ауданында үш адам құдыққа құлап қаза тапты.  Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Облыстық Полиция департаменті бұл деректі растап отыр. 


Белгілі болғандай, қайтыс болған үш адамның екеуі - әкесі мен ұлы. Azattyq Rýhy сайтын сұхбат берген марқұмдардың туысының сөзінше, қайғылы жағдайға ауылдағы су тапшылығы себеп болған. Бейнежазбада адамдардың мәйіті табылған құдық көрсетіледі және қайтыс болғандардың арасында 15 жастағы жасөспірім бар екені айтылады.

«Кегенде сумен проблема бұрыннан бар. Су болмай қалған кезде тұрғындар құдықты өздері ашып, су алудың амалын жасайды. Бұл жолы да сол сумен проблема болып, құдықты ашқан көрінеді. Бірақ олардың қалай түсіп кеткенін ешкім білмейді. Кеш батып, жақындары іздей бастаған кезде, құдықтың ашық тұрғанын көрген. Оларды тапқан кезде құдықтың іші суға толып, аяқ киімдері қалқып жүрген», - дейді Мақпал Шадан есімді ауыл тұрғыны.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдай бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

«Бұл дерек Кеген ауданының полициясында тіркелді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Фото: Куәгердің түсірген видеосынан алынған кадр      

Байланысты жаналықтар

Шерзат Полаттың әкесі : "Хуторский дегенде сескендік, олар ойлағанын істейді"

18.04.2025

Мектеп оқушысын зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды

18.04.2025

Ұлымның аузынан бұрқ етіп қан аққанын көрдім - Шерзаттың анасы

18.04.2025

Балам жеткен адамның жағасына жабысып, қол көтерген емес - Шерзаттың әжесі

18.04.2025

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

18.04.2025

Жаңаөзенде оқушылар сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан

18.04.2025
MalimBlocks
Шерзат Полаттың әкесі : "Хуторский дегенде сескендік, олар ойлағанын істейді"

Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сол күнгі оқиғаға тоқталды

Мектеп оқушысын зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Абай облысында оқушы қызды зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты

Ұлымның аузынан бұрқ етіп қан аққанын көрдім - Шерзаттың анасы

Талғарда бір топ баланың қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишембиева оқиға болған түн туралы айтып берді

Балам жеткен адамның жағасына жабысып, қол көтерген емес - Шерзаттың әжесі

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады,

Жаңаөзенде оқушылар сыныптасының жетістігіне қызғанып, оны соққыға жыққан

Оқиға зардап шеккен оқушының үйінің маңында болған