457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Стюардессалар үрейге бой алдырды»: Air Astana ұшағынан ақау шықты

Air Astana әуе компаниясының ұшағында әуеде техникалық ақау тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.


«31 тамыз күні Алматы–Ақтау бағыты бойынша КС 859 рейсін орындаған экипаж Ақтауға жақындағанда техникалық ақау туралы хабарлап, нұсқаулықтарға сәйкес қонуға басымдық сұрады. Кейін әуе кемесі қауіпсіз биіктікке дейін төмендеп, Ақтау әуежайына сәтті қонды. Әуе кемесіне тексеру жүргізілуде. КС 860 Ақтау-Алматы бағытындағы келесі рейстің жолаушылары басқа әуе кемесімен жеткізілді», – деп түсіндірген әуе компаниясының баспасөз қызметі.

ZTB Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға жолаушыларды қатты шошытқан, тіпті экипаж мүшелері үрейленген.

Адамдар дұға етіп отырды, әйелдер жылады, стюардессалардың өзі үрейленді, жүздері қорқынышқа толы болды. Бір сәтте борттағы дауыс зорайтқыш арқылы ұшақтың жерге қонуға мәжбүр екені айтылды. Стюардессаның дауысы дірілдеп, қорыққаны байқалған, – деп келтіреді ZTB жолаушылардың бірінің сөзін.

Мәліметке сәйкес, төмендеу процесі 10-15 минутқа созылған.

«Бір уақытта салонда дүрбелең басталды. Жолаушылар орындарынан тұрып, стюардессалар өткелмен жүгіріп жүрді», – делінген хабарламада.  

Фото: ZTB телеграм арнасы