6 жасар Лиза Пылаеваның өлімі: Күдікті әйел ақталып шықты

Арман Қайыпхан

  • 11.10.2024

Бүгін 2019 жылы қайғылы қазаға ұшыраған алты жасар Лиза Пылаеваның өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Malim.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Айыпталушы әрі қыздың тәтесі Ольга Шмакова ақталып шықты. Сот оның кінәсін анықтауға дәлелдер жеткіліксіз деген қорытындыға келді.

Судья Бәкірбаев Лизаның әпкесі Ольга Шмакованы, әжесі Леонарда Рыжакованы және үй қызметшісі Ухтаб Махмудовты кінәсіз деп таныды. Сонымен қатар Ольга Шмакованы үйқамақтан шығару туралы үкім оқыды.

Айта кетейік, Лиза Пылаева 2019 жылы жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Оның қазасына қатысты сот отырысы 5 жылға жалғасқан.

Оқиға 2019 жылы болған. Прокурордың айтуынша, сол уақытта Лизаны анасы нағашы әпкесі Ольга Шмакова мен оның күйеуіне қарауға қалдырған. Шмакованың күйеуі кішкентай Лизамен уақыт өткізген. Мұны байқаған күдікті Ольга Шмакова ашуланып, қызғанған. Ол күйеуі қыздың әкесі болуы мүмкін деп күдіктенген. Сосын күдікті балаларын алып, сауда орталығына көлікпен бармақ болған.

Осы кезде кішкентай Лиза Пылаева үйден аулаға шығып тұрған. Ольга Шмакова өзінің отбасындағы жағдайға ашуланып, кішкентай қызға қастандық ойлаған. Қылмысты жасау үшін көлікті қару ретінде пайдаланып, кәмелетке толмаған Елизавета Пылаеваны қағып кеткен. Қыз құлап, есінен танған. Әпкесі қылмыстық ниетін ақырына дейін жеткізгісі келіп, қызға көмектеспей, оны сол жерге тастап кеткен.

Сол кезде Алматы облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментінің бастығы қызметін атқарған Шмаков (Ольга Шмакованың күйеуі) қыздың үстіне мүсін құлаған деп тану үшін ауруханаға хабарласып, көмек сұраған. Ер адам аула тазалаушы Уктаб Махмудовқа қыздың денесін жуып, киімін ауыстыруды бұйырған, ал ол айтқанын істеген.

Ольга Шмакова өзінің қылмысқа қатысы жоқ болуы үшін балаларымен көлікке отырып, сауда орталығына кетіп қалған. Ал Лизаның әжесі Леонарда Рыжакова бұл бастаманы қолдап, кейін жалған куәлік берген. Прокурордың айтуынша, Рыжакова шындықты анықтауға әдейі кедергі келтірген. Артынша қыз көп жарақатпен қаза тапқан күйі ауруханаға жеткізілген.

Фото: Stan.kz

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады