freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Азық-түлік, ет өнімдері айналымына қатысты өзгеріс аз емес

Экономика
Азық-түлік, ет өнімдері айналымына қатысты өзгеріс аз емес
Ашық дереккөзден

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) азық-түлік, ет, косметика өнімдері айналымына қатысты жаңаша талаптар енгізуге мүдделі, деп хабарлайды Malim.kz.
ЕАЭО-ның жоғарғы атқарушы органы одақ аясында қолданылатын өнімдерге техникалық регламенттерді, санитариялық талаптарды және қауіпсіздік стандарттарын жаңарту мәселесін талқылады. Жаңашылдықтар, негізінен, парфюмериялық-косметикалық өнімдерге, ет және ет өнімдеріне, жеңіл өнеркәсіп тауарларына, арнайы тағам өнімдеріне, тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштерге қатысты болғалы тұр.
Еуразиялық экономикалық комиссия күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ортақ келісімге келді. Жұмыс барысына сәйкес тиісті құжаттар қабылдануы тиіс.
Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, жеке гигиенаға арналған кейбір жаңа өнім түрлері бақылауға жататын тауарлар тізіміне енгізіліп, ескірген талаптар алынып тасталады.
Отырыста техникалық реттеу жүйесін жетілдіру үшін екі жаңа сарапшылық топ құру туралы шешім қабылданды. Оның бірі өнімнің ЕАЭО техникалық регламенттеріне сәйкестігін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлейді. Екіншісі Одақ туралы шарттағы терминологияны, оның ішінде өнімдерді сынау мен зерттеуге қатысты ұғымдарды жетілдірумен айналысады.
ЕЭК-тің мәліметінше, қабылданып жатқан өзгерістер тауарлардың қауіпсіздігін арттыруға, стандарттарды үйлестіруге және ЕАЭО ортақ нарығында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу