freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тарихты түгендеу - тарихи миссия. Редакция алқасының қорытынды отырысы өтті

Білім-ғылым
Тарихты түгендеу - тарихи миссия. Редакция алқасының қорытынды отырысы өтті
Ашық дереккөзден

«Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының қорытынды отырысы өтті. Ұлттық музейде өткен жиынға Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин төрағалық етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық басылымды дайындау – стратегиялық маңызды мәселе. Ол барлық оқулықтарға негіз болады. Сондықтан 300-ден астам ғалым, 12 елден 50 сарапшы әр томға терең зерттеу жүргізіп, тарихи деректерді мұқият зерделеді.  Атқарылған жұмыс нәтижелері Жалпы редакциялық алқа тарапынан жоғары бағаланып, академиялық басылымның «Тәуелсіз Қазақстан» атты жетінші томын баспаға ұсыну туралы шешім қабылданды. Жиында Ерлан Қарин көптомдықты әзірлеуді Мемлекет басшысы тапсырғанын атап өтіп, алғыс білдірді. Ол өз сөзінде былай деді: "Осындай іргелі істерге бастамашы болып, оған бәріміздің қатысуымызға мүмкіндік бергені үшін тарихшылар қауымдастығынының атынан және редакциялық алқа мүшелерінің атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Тарихшы-ғалымдардың өздеріне де ұлттық тарихта осындай мүкіндік туды. Көптомдықты әзірлеу жұмысы кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүргізілді. Әр томға жетекші ғылыми мекемелер бекітілді".

Жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қарин келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып, авторлар ұжымы ұлттың жүріп өткен тарихи жолын объективті тұрғыдан зерделеуді басты мақсат еткеніне баса назар аударды. Жиын қорытындысы бойынша көптомдық басылымды әзірлеу жұмыстарының нәтижесін қорытындылап, редакциялық алқа мүшелеріне жаңа Конституция басылымдарын салтанатты түрде табыстады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу