Алматыда 70-тен астам жезөкшелер үйі анықталды

Алматы полициясы «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтады.
Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, рейд барысында 71 жезөкшелер үйі әшкере болды. Заңсыз әрекет үшін үй берген пәтер иелері жауапқа тартылды.
Бұл пәтерлерде тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрған адамдарға да әкімшілік шара қолданылды. Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін күн сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, ал тұрғындар өз аудандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты болуы керек, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Фото: видеодан скрин