Алматыда мұнаралы кран құлап, бір адам мерт болды

Қала төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының және өзге де тиісті қызметтердің мамандары шұғыл түрде жіберілген, деп хабарлайды Malim.kz.
Қаза тапқан адамның құрылыс жұмысшысы ма, әлде кездейсоқ өтіп бара жатқан адам ба – әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта ведомство оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Алматы полициясының мәліметінше, қаза тапқан адам – кран операторы болып жұмыс істеген.
«Аталған дерек бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.
Фото: ТЖД

Ең көп оқылған
