457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақмола облысының тұрғыны жеті айлық сәбиімен терезеден құлады

Анасы да, сәбиі де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform cайтына сілтеме жасап. 


Қайғылы оқиға Степногорск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Туыстарының үйінде болған әйел жетінші қабаттағы терезеден жеті айлық қызымен бірге құлап кеткен. Алған жарақаттарынан, екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

Степногорск қаласында туыстарының пәтерінің терезесінен әйел мен оның кішкентай қызының құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото:  istockphoto.com