Ақтауда 18 жастағы мүгедек жігітті ұрлап әкетіп, зорлап кеткен

Malim Админ

  • 12.02.2025

Адвокат Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігітке жасалған зорлық-зомбылық дерегі туралы айтты. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысының Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ажар Әбділ өз жазбасында әрекетке қабілетсіз жігіттің 2024 жылғы 27 желтоқсанда ұрланып, зорланғанын мәлімдеді. Жәбірленушінің анасы бірден полицияға арыз жазған.

Әлі күнге дейін қажетті сараптамалар тағайындалмаған. Қала орталығынан ақ түсті джиптің қорғансыз адамды алып кеткені анық көрінетін бейнебақылау жазбалары алынбаған, бұл көліктің қозғалыс бағытын қадағалау қиындық туғызбайды. Жазбалар екі ай сақталады, бұл – факт. Оқиға хронологиясын қалпына келтіру қиын көрінбейді. Өйткені жәбірленушіні тура қала орталығынан көлікпен алып кеткен... Бірақ сонша камера бола тұра, күдікті әлі анықталмағаны таңғалдырады. Сараптамалардың тағайындалуы туралы тіпті айтпай-ақ қояйын, – деп жазды адвокат.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды. Тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Фото:  Fotolia 

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады