Ақтауда құлаған ұшақ туралы Грозный диспетчері айтып берді

Malim Админ

  • 30.12.2024

«Баку—Грозный» бағытына үйлестіруші болған диспетчер Али Идрисов AZAL ұшағын апатты жағдайда «кілем» жоспарымен қондырмақ болғанын апатқа 5 минут қалғанда білгенін айтты.  Бұл туралы Orda.kz ВЧК-ОГПУ деректеріне сүйеніп жазады. 

«Баку-Грозный» бағытымен ұшқан AZAL әуе компаниясының ұшағы алдымен радиоэлектронды күрес құралдары (РЭБ) кесірінен бағытты көрмей қалған. Кейін Шешенстан үстінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ұшақты атқылаған. Қону процесін үйлестірген диспетчер Әли Идрисов экипаж ұшақтың атып түсірілгенін хабарлағаннан бес минут өткен соң ғана «кілем» жоспарымен қонбақ болғанын білгенін айтты.

Бұрын кәсіби футболшы болған Идрисов Грозныйдың «Терек» (қазіргі «Ахмат») клубында ойнаған. Ол бірнеше жыл бұрын диспетчерлік қызметке ауысқан.

Кеше кешкісін Тергеу комитеті қызметкерлері Әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік корпорацияның жергілікті филиалы қызметкерлерін, оның ішінде куәгер мәртебесіне ие Идрисовты тергеді. Қазіргі уақытта тергеушілер трагедияның егжей-тегжейін анықтап жатыр.

Апат 25 желтоқсан күні болды. AZAL әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бет алған Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңында құлады. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Әзірбайжан халқы 26 желтоқсан күнін апат құрбандарын еске алу үшін қаралы күн деп жариялады.

Фото: arbatmedia.kz

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады