Ақтөбе облысында тұрғындар анықтама үшін артық ақша төлеген

Бас прокуратура медициналық мекемелерде қызмет бағасының негізсіз өскенін айтты

Сұлу Бөлек

  • 07.04.2025

Бас прокуратура медициналық мекемелерде қызмет бағасының негізсіз өскенін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

"Заң және Тәртіп" идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.

Ойыл ауданында ақылы медициналық қызметтердің құны негізсіз қымбаттатылғаны анықталды. №073/е анықтамасы (көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін) және №075/е анықтамасы (медициналық кәсіби-консультациялық қорытынды) 7 705 теңге, ал №076/е анықтамасы (қару ұстауға рұқсат алу үшін) 9 405 теңге болған.

Қызмет бағасына хирург, невропатолог қарауы және Вассерман реакциясына қан талдауы сияқты қосымша медициналық қызметтердің негізсіз енгізілгені анықталды.

Сонымен қатар, аурухананың қажет диагностикалық жабдықпен толық қамтылмауынан науқастар облыстық медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықтамалар құны №073/е – 6 000 теңгеге, №075/е – 5 000 теңгеге, №076/е – 9 000 теңгеге төмендетілді.

Сондай-ақ, жетіспейтін жабдықтарды сатып алу мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім жолданған.

Нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

23.05.2025

"Жеңіс" клубының директоры Тимур Турсумбаев жаңа қызметке тағайындалды

22.05.2025

Әскери қызметке шақырылғанына бір ай да толмаған: Аягөзде сарбаз көз жұмды

20.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Еліміздегі кеден бекеттеріне «қызыл түйме» орнатылып жатыр

06.05.2025
MalimBlocks