Ақтөбе облысындағы шахтада жарылыс болды: үш адам зардап шекті

Ақтөбе облысындағы Дөн тау-кен байыту комбинатында жарылыс болды. "Болашақ" шахтасындағы оқиғадан үш адам зардап шеккен, - деп хабарлайды malim.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Хромтау ауданындағы бұл шахтада қазір жұмыс тоқтап тұр. Төтенше жағдайлар департаменті осында дағдарыс орталығын ұйымдастырған. Жарылыс түн жарымында болған. Жер асындағы кеншілердің барлығы түгелдей шығарылған.
Күйіп қалған үш адам Хромтаудағы аудандық ауруханада ем алып жатыр. Екеуінің хәлі ауыр. Жансақтау бөліміне жатқызылған.
"Үш науқас күйік жарақатын алды. Науқастар жедел жәрдем бригадасымен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда екі науқас жансақтау бөліміне жатқызылып, ауыр жағдайда ем қабылдап жатыр. Бір науқас травматология бөлімшесіне жатқызылып, орташа ауырлықта жағдайы. Науқастарға бүкіл ем қабылдап жатыр. Дәрі-дәрмек, аппарат, құрал-жабдық толығымен қамтамасыз етілді", - Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев.
Фото: pixabay.com

Самое читаемое
