Ақтөбеде бір күнде 350 студент оқудан шығарылған

Ақтөбедегі жекеменшік университет бір күнде 350 студентті еш ескертпестен оқудан шығарып жіберген

Сұлу Бөлек

  • 02.04.2025

Ақтөбедегі жекеменшік университет бір күнде 350 студентті еш ескертпестен оқудан шығарып жіберген, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.

"КТК" арнасының мәліметінше, 100 шақтысына «оқу ақысын төлемедің» десе, қалғанын сабаққа келмегені үшін жазалапты. Енді студенттер мен оның ата-аналары оқу жылының аяқталуына санаулы ай қалғанда не істерін білмей отыр.

Ескертусіз оқудан шығарып жіберді. Біз оны бір апта бұрын естідік. Бір жеті бұрын келгенмін, негізі. Әне кел, міне кел деп, созбалаңдап бір жетіге созды. Осы жылды аяқтауға мүмкіндік берсін. Обал ғой, қаншама ата-ана, қаншама оқушы. Ары қарай оқуды талап етпеймін, биылғы оқу жылын аяқтауға мүмкіндік берсін” – дейді студент Динара Бекмурзина.

Екі мыңнан аса студенті бар Қазақ-орыс халықаралық университетінде күнде шу. Бір емес, он емес, жүздеген студентті жаппай оқудан шығарып неге жібергенін түсіндіріп айтып беретін жан жоқ. Сандалған ата-аналар мен студенттер сессияны аяқтауға мүмкіндк беруді талап етіп отыр. Әрі қарай көбінің осында оқығысы да келмейді екен. Ректор бұйрығында 91 студенттің оқу ақысын төлемегені айтылған. Ал қалған 259 студент сабаққа жөнді қатыспады делінген. Осы мәселемен өңірдегі әкімдік пен министрлік те айналысып жатыр. Жиналған ата-аналар және студенттермен кездесуге облыс әкімінің орынбасары келді. Ең қызығы, бұйрық шығарған ректордың өзі жоқ. Ол бәрін шетелден бақылайды екен. Онымен университет өкілдері де жөнді байланысқа шыға алмай отыр.

“Қашықтан дегенде, міндетті түрде университетпен байланыста болу керек, келіп, көрінуі керек. Яғни студенттер университетпен еш байланыста болмаған. Ақпаннан бастап осы уақытқа дейін тексеруді ректор жүргізді. Соның нәтижесінде шыққан. Біздің қолымыздағы зат емес. Ректордың бұйрығымен шығарылып отыр.- дейді Қазақ-орыс халықаралық университетінің бөлім басшысы Ақнұр Қадырбек.

Шарасыз күйдегі студенттер енді оқу орнының ректорынын жауап күтпек. 

Фото: Видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

03.05.2025

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

02.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025
MalimBlocks
Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр