Ақтөбеде тағы да жол апаты. Жүргізуші ауруханаға түсті

29 жастағы ер адамның миы шайқалған

Malim Админ

  • 20.08.2024

Алматыдан Мәскеуге бет алған жүк көлігі жол-көлік апаты кезінде аударылып қалды. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.


Жол-көлік апаты бүгін сағат шамамен 14:00-де Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік айналма жолда екі көлік соқтығысты. DAF және Toyota көлігі соқтығысып, жеңіл машина жүргізушісі ауруханаға түсті. Ақтөбе облыстық ПД Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ануар Ибраевтің айтуынша, жеңіл көлік тізгіндеген адам рульге ие бола алмай қалған.

«Жедел жәрдем оқиға орнына барып, 1 адамды ауруханаға алып кетті. 29 жастағы ер адамға миы шайқалды деген диагноз қойылды. Ол дәрігерлерден кеңес алған соң ауруханаға жатудан бас тартты. Сонымен бірге көлікте болған 18 жастағы жігіт ауруханаға барудан бас тартты. Ал 38 жастағы ер адам дәрігерге шағым айтпады», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері өңірде 416 жол-көлік апаты болды. Соның кесірінен 94 адам көз жұмды. Қазіргі кезде Самара-Шымкент тас жолында қауіпсіздік үшін кезекшілік күшейтілді.  

Фото: Видеодан кадр 

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025
MalimBlocks
Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан