Әскери бөлімдер жоғары әзірлік деңгейіне келтіріледі – Қорғаныс министрлігі

Өңірлерде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін

Мәди Саматұлы

  • 30.11.2024

Жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты барлық әскери басқару органдары, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік таратқан ақпаратқа қарағанда, желтоқсанның басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабыл бойынша көтеріледі. Жеке құрам мен әскери техниканы кешенді тактикалық-саптық сабақтар мен жаттығулар өтетін орынға жөнелту жүзеге асырылады. 

Қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтардан және БАҚ өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз, деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

06.05.2025

Қазақстан бітімгерлері Голан жоталарына аттанды

10.04.2025

Биыл мыңдаған қазақстандық әскери жиынға шақырылады

02.04.2025

Астанада жолдар мен әуе кеңістігіне шектеу қойылады

12.03.2025

Қорғаныс министрлігі сарбаздарға кредиттік демалыс» беріп жатыр

06.03.2025

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

27.02.2025
MalimBlocks