Астана-Щучинск тас жолынан 71 адам құтқарылды
Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен «ҚазАвтоЖол» мамандары жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Мамандар жол ашу үшін жол ортасындағы жолды бөліп тұрған темір қоршауларды алып тастап жатыр.
2025 жылғы 3 қаңтарда сағат 17.30 - дағы жағдай бойынша Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 152 адам және 68 бірлік техника жұмылдырылды.
Авариялық-құтқару жұмыстары барысында 71 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Олар жылыту пунктіне жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Тағы 11 адам құтқарылды, оның 10-ы Макинск аудандық ауруханасына жатқызылды.
Ақмола облысында Макинск қ., Қоғам, Жаңаталап, Алтынды ауылдарында жылыту пункттері жұмысын жалғастыруда.
Фото: ТЖМ