457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада 15-қабаттан секірмек болған жігітті полицей құтқарып қалды

Астанада 15-қабаттан құлап кете жаздаған ер адамды учаскелік полицей құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияға тұрғын үйдің 15-қабатынан ер адам секірмек болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер оның есту және сөйлеу қабілетінен айырылғанын анықтады, сол себепті байланыс орнату қиынға соққан.

Қиын сәтте учаскелік инспектор Рахметолла Нурумов батылдық танытып, ер адамға жақындап барып, оны құтқарып қалды.

«Мұндай жағдайда ең маңыздысы — салқынқандылықты сақтау», — деді учаскелік инспектор.

Осылайша, полицейдің жедел әрекетінің арқасында ер адам құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оған қажетті психологиялық көмек көрсетілді.
Фото: видеодан кадр