457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

Астанадағы "Шапағат" базарынан шыққан өрт оқшауланды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Оқиға орнында ТЖМ-нің 71 қызметкері жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт шамамен 400 шаршы метр аумақта орналасқан 10-ға жуық бутикті шарпыған.

"Қабылданған шаралардың арқасында өрт оқшауланды. Алдын ала деректер бойынша, өрт шамамен 10 бутикті қамтыған", – делінген министрлік хабарламасында.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 5 тобы жұмылдырылып, адамдардың бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Су үздіксіз берілуі үшін өрт орнына өрт сөндіру гидранттарына қосылған 3 автоцистерна қойылған. Барлығы 20 техника бірлігі тартылған.

Фото: ТЖМ

@malimkz

Астана Шапағат өртенді. Төтенше жағдайлар қызметінің дерегінше, аумағы 400 ш.м болатын 10 бутиктің өртенгені анықталды. #шапағат #шапағатастана #өрт

♬ оригинальный звук - Malimkz